23
апрель
2019
Мұқанов Қасымбек Мұқанұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылу салтанаты
"І.Жансүгіров атындағы ортамектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"мақаласы аясында, сонымен бірге І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай, 1979-1986 жылдары мектеп директоры қызметін атқарған Мұқанов Қасымбек Мұқанұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетінің салтанатты ашылуы болды.
Өмірі өнеге болған білікті басшы, ұлағатты ұстаз Мұқанов Қасымбек Мұқанұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетінің ашылуына жары Нүкетай апамыз бен балалары ізгі бастамаға себепкер болды.





