22
июль
2021
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Родителям порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. 1 сыныпқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.
📌 Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
✅ • Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
✅ • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ • Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
✅ • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ • 3*4 2 фотосурет.