Білім күні
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты жалпы білім беретін мектептерде Білім күні мен азаматтық және патриотизм сабағын ұйымдастыру мақсатында «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского районанде 1- қыркүйек – дәстүрлі Білім күні мерекесі өтті. Мереке күні іс- шараларды дәстүрлі және жаңа формаларын қолданып өткізу ұсынылды. Сынып жетекшілер оқушыларға түрлі танымдық және тақырыптық тәрбиелік іс- шаралар ұйымдастырды. Ұйымдастыру барысында 6 –сынып оқушыларының «Менің саяхатым» бейнеролигі көрсетілді. 7- 8 сыныптарда «Мұражайдағы білім күні» экскурсия (аймақтың тарихы, мәдениеті, атақты адамдары, қасиетті жерлері туралы) сабағы жүргізілді. Экскурсия мектебіміздің «І. Жансүгіров атындағы өлкетану» мұражайында жүргізілді. Мұражайды толығымен тарих пәнінің мұғалімі Б.М. Хасенова таныстырып өтті. Оқушылардың зейіні жақсы бөлініп, көптеген мәлімет алды. Экскурсия соңында оқушылар жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерімен аяқтады.
9-11 сыныптар «Менің есейген сыныптастарым» атты әңгіме-презентациялар дайындаған. А.Т. Шешенгелдинова сабақты өткізу үшін заманауи интерактивті әдістерді, сонымен қатар кітапханалардың, музейлердің материалдарын қолданған.






