«Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең»
4 қараша мен 8 қараша 2019жылы аралығында «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең»деген тақырыпта эстетика пәндер бірлестігінің апталығы өтті.4 қараша күнінен бастап апталықтың ашылуынан бастау алып, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Абишев Ердәулет Сейтбайұлы мен Қалқаман Еркебұлан Қалқаманұлы сыныптар арасында «Салауаттылық – денсаулық кепілі» деген тақырыпта велоспорттан жарысымен ұласты.5 қараша күні денешынықтыру пәнінің мұғалімі Абишев Ердәулет Сейтбайұлы 9 сынып оқушыларымен «Допты (ұшып келе жатқан) аяқпен, кеудемен тоқтату. Ойын» технология пәнінің мұғалімі Қожатаева Бағжан Бексұлтанқызы 5 сыныппен «Пейзаж. Табиғат пен үйлесім. Әуе перспективасы» деген тақырыптарда ашық сабақ өткізді. 6 қараша күні - музыка пәнінің мұғалімі Сағымбаева Айсұлу Есімғалиқызы 5-8 сынып оқушыларымен оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөзік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру мақсатында
« Мәңгілік ел ұландары » деген тақырыпта музыкалық сайыс өткізді.7 қараша күні - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е. Қалқаман 6 сыныппен «Спорттық ойындарда
тактикалық әрекеттерді қолдану» ашық сабақ өтті.8 қараша күні – музыка пәнінің мұғалімі А.Е. Сагимбаева 4 сыныпта « Домбыра асыл мұра » деген тақырыпта ашық сабақ өткізіп, технология пәнінің мұғалімі Б.Б. Қожатаева – « Күздік мейрам» жәрмеңкесін ұйымдастырып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е. Қалқаман Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласы бойынша « Атқа міну мәдениеті» тақырыбымен ақпаратты сағат өтіп, «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең»деген тақырыпта эстетика пәндер бірлестігінің апталығы қортындыланып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.























