Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы, Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Версия для
слабовидящих
11
апрель
2022

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы


«Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен » отдела образования Кербулакского районанің мектепішілік бақылау мен басқару жоспарына сай наурыз айының тоғызы күні жас мамандардың жұмысын жүйелеу мақсатында «Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы» тақырыбы аясында әдістемелік күн ұйымдастырылды.

Әдістемелік күннің негізгі мақсаты: жас мамандардың осы уақыт аралығында жинаған іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудағы негізгі ерекшеліктерін ортаға салу. 

Соның негізінде, жас мамандарға қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымымен бөлісу мақсатында мынадай тақырыптар бойынша жұмысты жүйелеу ұсынылған: 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Рафикова Ж.Н. – «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру барысында оқу мақсатынан сабақ мақсатын үйлестіре отырып, құрылу жүйелілігін әзірлеу» атты тақырыпта жұмыс көрсетіп, өзінің тәлімгерінің жетекшілігімен жүргізіп жатқан жұмысын көрсете отырып,  оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығаруды мегеру керектігі туралы өз білімін көрсетті. 

Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Аязбекова Ш.М. – «Сабақты оқыту барысында белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында жұмыс қорғап, сабақтағы оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларды орындау кезінде түрлі әдіс-тәсілдердің аса қажеттілігі туралы таныстырылым жасады. 

Химия пәнінің мұғалімі: Ахметқали А.Ә. – «Қысқа мерзімді сабақ жоспарында формативті бағалауды жүргізу» тақырыбында өз жұмысын көрсетіп, формативті бағалаудың тиімділігі бойынша өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Мұндағы қарастырылған мәселелер: 

- Формативті бағалау - бағалаудың тиімді тәсілі;

- Формативті бағалаудың сабақ барысындағы қажеттілігі;

- Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінен артықшылығы;

- Формативті бағалау қалай жүзеге асырылады?;

- Формативті бағалаудың тиімділігі бойынша жұмысын көрсетіп өтті. 

            Аталған үш жас маман толық бір сабақ жоспарының  құрылымдарын бөліп алып, таныстырылым жасады. Сол арқылы жетекшілерінің ұсыныс-пікірлері негізінде түзету қажет деп тапқан жерлерге алдағы уақытта өзгеріс енгізіп, шығармашылықпен жұмыс жасайтындары туралы ескертті.  


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив