Ілияс оқулары » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2019

Ілияс оқулары

2019 жылдың 24-қазанында  Жетісу өлкесінің перзенті І.Жансүгіровтің кіндік қаны тамған, туып-өскен топырағы Ойтоған ауылы, «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Поэзия Құлагері», ақиық ақын Ілияс Жансүгіровке арналған аудан оқушылары арасында «Ілияс оқулары» өтті.  

Аудан мектептері бойынша 30 шақты үміткерлер қатысты. Оқушылар бағдарлама бойынша IV кезеңнен бақтарын сынады.  

І кезең: Ілияс ақынға арнау. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»

ІІ кезең: «Зерделі ойға зер сал». Ақынның поэмаларын және өлеңдерін жатқа оқып, жаттаған өлеңі бойынша ой өрбітеді.

ІІІ кезең: Талапкер Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан үзінді оқиды.

IV кезең: «Талаптың мініп тұлпарын...» қатысушы берілген тақырып бойынша өз ойынан бір шумақ өлең жолдарын құрайды. /Түйінді  бір шумақ  өлең туғызу/ 

Мектеп ұжымының ұйымдастырылуымен ашылу салтанатында ауылдың  әжелері шашу шашып және шағын орталықтың бүлдіршіндерінен бастап, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар аудандық Білім бөлімінің аға әдіскері Сыздықбаев Әділжан Махмұтжанұлы талапкерлерді құттықтап сәттілік тіледі. 

Аудандық «Ілияс оқуы» өз деңгейінде өтіп, әділ- қазылардың әділдігімен  қорытындыланды. Қорытынды бойынша сайыста Қ.Сатбаев атындағы мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушысы Амангелді Аруна І орынды, Н. Есеболатов атындағы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Шындәулет Қарақат және Қ. Терібаев атындағы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Райхан Қуантай ІІ орынды, І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушысы Жеңісбек Айшат,  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11- сынып оқушысы Шалқар Ақнар мен Жаңатілеу орта мектебінің 9- сынып оқушысы Сейітхан Дина ІІІ орынды иеленді.  Сонымен қатар, екі қатысушы номинациямен марапатталды және І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің директоры Д.Е. Сағымбаевтың Алғыс хатымен маапатталса аталған мектеп атынан Арнайы жүлдемен Ж.Сыдықов атыдағы орта мектебінің оқушысы Тұрсынбаева Аружан марапатталды.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив