Жаңартылған білім беру аясында география сабағында саралау тапсырмаларын қолдану» атты тақырыпта өткен география пәні мұғалімдерінің семинары
2019 жылдың 25 қаңтарында Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мекемесінде
«Жаңартылған білім беру аясында география сабағында саралау тапсырмаларын қолдану» атты тақырыпта семинары өтті. Мақсаты : Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география сабағында саралау тапсырмаларын қолдану арқылы тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек беру.
Семинарға аудан мектептерінің география пәні мұғалімдері қатысты. Барлығы- 27.
Семинар «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты психологиялық тренингпен ашылды. Ашық сабақтар алаңында 5 сыныпта «Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері» (І.Жансүгіров мектебінің география пәні мұғалімі А.Заманбекова), 6 сыныпта «Тірі табиғаттағы үдерістер» (Қаракемер орта мектебінің география пәні мұғалімі Ф.Фазылжанова), 7 сыныпта «Қазақстанның топырақ түрлері» (Матай орта мектебінің география пәні мұғалімі А.Абуталипова), 8 сыныпта «Халық санағы» ( Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі С.Қыдырманов) өтті. Тарас негізгі орта мектебінің мұғалімі А.Баймұханбетова «Бағалау және саралау» тапсырмаларын әзірлеу жолдары» және Қарашілік орта мектебінің мұғалімі Н.Қожахметова «Оқытудағы саралау тәсілі» тақырыптарында шебер сыныптар алаңын өткізді.
Сабақтарды талдау, кері байланыс, кәсіби әңгіме, семинарды Ақсу ауданының оқу әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Қыдырханұлы қорытындылады.



