«Менің - Тұңғыш Президентім»
«Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мекемесінде 1 –желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Менің - Тұңғыш Президентім» атты мектепішілік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 5 – 11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту; еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін көрсету; оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандыдыққа тәрбиелеу; Елбасынан үлгі, өнеге алуға насихаттау.
Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен қоғамдағы қызметі туралы айтылып, презентация көрсетілді. «Балауса» шағын орталығының бүлдіршіндері және мектеп оқушылары Нұрсұлтан Әбішұлы, Отан туралы өлеңдер оқыды,
әндер айтты.
8-11 сынып оқушылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы және шетел мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастары туралы слайдтар көрсетіп, әңгімелеп берді.
Іс-шара соңында оқушылармен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы викториналық сұрақ – жауаптар өткізілді


