Мерекелік іс-шаралар » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
май
2017

Мерекелік іс-шаралар

Т Ә Р Б И Е

Жалпы мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балалар саны – 53, оның ішінде жартылай жетім – 4, тұлдыр жетім – 1, көп балалы отбасы балалар саны – 32, толық емес отбасы балалары – 9, материалдық жағынан аз қамтылған отбасы балалар саны – 7 оқушы бар.

Тәртіптің ең тамаша мектебі отбасы болғандықтан, бала тәрбиесіне тікелей әсер етуші ата – аналардың да заман талабына сай білімін тереңдетіп отыруына мұғалімдердің ықпалының ерекше екендігін атап өтсек артық емес. Өйткені мектебімізде әр сынып бойынша ата – аналармен өткізілетін әр түрлі шаралар ата – аналардың педагогикалық білімін көтеруге септігін тигізеді деп айтуымызға болады. Психологиялық семинар, тренинг, дөңгелек үстел, дебат, тақырыптық әңгіме, сауалнама жүргізіп, түрлі акцияларға қатыстырып отыру ата – ананың бала тәрбиесіндегі кездесетін қиындықтарын жеңуіне көп көмек береді.

Соған дәлел ретінде жаңа оқу жылының басында өткізілетін 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында Ақсу ауданының білім бөлімінің 28.07.2016 жылғы № 370 бұйрығына сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бойынша бұйрықтар шығарылып, тұрғындарды ақпараттандыру туралы үнпарақтар мектеп ауласына, ауыл әкімшілігі, сауда дүкендері алдына ілінді. Мектептің кіре беріс фойесіне ақпараттық бұрыштар ілінді. Акция бойынша іс – шаралар жоспары жасалынып, оқушылар есепке алынып, 1 сыныпқа келетін оқушылар ерекше назарға алынды. Мектеп ұжымы, ауыл әкімшілігімен бірлесіп, қайырымдылық акциясы жоспарланып, қолға алынды.Акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында балаларды мектепке қабылдау мәселелері бойынша ата – аналарға балалардың міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды мектепке жиналуға көмектесу үшін мемлекеттік мекемелерді нақты бір аз қамтылған оқушыларға бекіту (мекеме басшыларына, ауыл әкіміне, шаруа қожалықтарына) өтініш – хаттар жіберілді.

«Бақытты балалық шақ мекені» атты Республикалық «Мектепке жол» акциясында бюджеттен тыс «Матай» дүкенінің иесі, Ойтоған ауылдық клуб қызметкерлері, «Оспанбеков» жеке шаруа қожалығы, мектеп ұжымы, ауылдық емхана ұжымы, «Қалқаман» шаруа қожалығы, «Нағызбаев» шару қожалығы , «Жолбарыссоққан» шаруа қожалығы, «Мадина» дүкені иесі, «Смағұл» шаруа қожалығы тарапынан 100400 (жүз мың төрт жүз) теңге көлемінде аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына 12 оқушыға әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысын" Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" ережесін басшылыққа ала отырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балалары, жартылай жетім, толық емес, көпбалалы отбасы балалалары тізімдері жасалынып, 1 – 4 сынып оқушыларынан толық емес, кірісі төмен, көпбалалы отбасы балалалары арасынан 15 оқушы міндетті оқу қорынан, 5 оқушы мектеп асханасын жалға алушы Ж.Д.Адильбекованың тарпынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Және де 2016 жылдың жай айларында Міндетті оқу қоры тарапынан балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, оларды сауықтыруды және жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларынан 6 оқушы Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» сауықтыру алаңына, 4 оқушы Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Дем – Ал» тынығу лагеріне барып демалып қайтты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

Еліміз Қазақстан – 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, егемен дамудың 25 жыл аралығында әлемнің дамыған 50 елі қатарына енгенін, 2050 стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі замандағы мемлекет» Ұлт жоспарын түсіндіре отырып, әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет. Еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру болуы тиіс.

«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы 85-ші және 89-шы қадамдар «Мәңгілік Ел» идеясына арналған.

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұрушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды.

Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеренттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықтады.

Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту.

2016 – 2017 оқу жылы басында тәрбие жұмысының жоспары бекітіліп, өзекті мәселесі мен міндеттері айқындалды. Тәрбие жүйесінің мақсаты:
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Тәрбие саласында сегіз бағытта жұмыс жүргізіледі:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

Рухани-адамгершілік тәрбиесі;

Ұлттық тәрбие;

Отбасы тәрбиесі;

Еңбек және экономикалық және экологиялық тәрбие;

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Осы бағыттардың мақсаттарын жүзеге асыру барысында мектебімізде 2016 – 2017 оқу жылында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституция күні, 1 қыркүйек «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбында «Білім күні» мерекесі, 5 – 10 қыркүйек аралықтарында Отбасы күні, қыркүйек айының 19 – 29 күндері аралығында «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай онкүндік, қазан айының 1-ші жұлдызы – қарттар күні мерекесі, 5 қазан – Халықаралық ұстаздар мерекесі, «Алтын күз» мерекесі, қазан айының 3 мен қараша айының 1 аралығында «Құқықтық айлық», 5 – 10 қазан аралығында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері», 1 – желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президент күні, «Денсаулық фестивалі» денсаулық күні, «Ерлері ел есінде» ауған соғысының ардагерлерімен кездесу, «Туберкулез – ғасыр дерті» айлық, 8 – наурыз «Аналар асыл жандар» мерекелік концерт, 22 – наурыз «Наурыз – жыл басы» мерекелік шара, «Құстар біздің досымыз» апталығы, Көгалдандыру айлығы «Жер ананы жасыл күйінде сақтайық» Көгалдандыру сембіліктері, 18- сәуір Ескерткіштерді қорғау күніне орай іс-шара, «Достығымыз жарасқан» 1 – Мамыр Ынтымақ бірлік күніне шеру, Отан қорғаушылар күні, «Ұлы Жеңіс күні» патриоттық тәрбие айлығы, «Ақ жол», «Сәт сапар, Жас түлек!» кеш ұйымдастыру, «Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиын, «Қош бол, аяулы мектебім!» мектеп бітіру кеші, Мектеп оқушыларының өңіріндегі мәдениет мекемелеріне (музейлер, театрлар және т.б.) баруларын ұйымдастыру жыл сайын үнемі жүргізіледі. Айлық, апталық, онкүндік, іс – шаралар жоспарлары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Әр іс – шараның соңынан белсенділік танытқан оқушылар марапатталып отырды.

Аудандық білім бөлімінің 19.10.2016 жылғы № 491 бұйрығына, әдістемелік кабинетіне сай 26 – қазан күні Аудандық «Ілияс оқуына» іс – шара жоспары құрылып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудандық «Ілияс оқуына» аудан мектептерінен 24 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектебімізден оқушылар қатысып, 8 – сынып оқушысы Тұрсын Дана «Сәтті қадам» номинациясымен, 7 – сынып оқушысы Есенгелді Нұрдәулет «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталса, бас жүлдені 10 – сынып оқушысы Қадылхан Әсемгүл иеленіп, Республикалық Ілияс оқуларына жолдама алды. Аудандық Ілияс оқуларының өткізілуі туралы «Ақсу өңірі» газетіне директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұршабаева Шынар Берікханқызы тарапынан мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығы, Ақсу аудандық білім бөлімінің 23.11.2016ж. № 546 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс – шара жоспары басшылыққа алынып, мектепшілік іс – шара жоспары бекітілді. Тәуелсізідіктің мызғымас негіздерін білдіретін (21 қараша мен 15 желтоқсан аралығындағы оқиғалардың күн тәртібі) 25 жұлдызды күн шеңберінде дөңгелек үстел, тақырыптық кездесулер, қол өнер көрмелері, эссе, шығарма байқаулары, тәрбие сағаттары, қарт адамдарға қайырымдылық көмек, құрмет көрсету, флэмобтар жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойын мерекелеу барысында «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» атты тақырыбында ауылдық клубта салтанатты мерекелік шара мектеп ұжымы, мектеп оқушылары, ауылдық әкімшілік, емхана, клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» тақырыбында ардагер ұстаздарға салтанатты құрмет көрсетілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар, қызметкерлер марапатталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа – тұс келіп отырған Бірыңғай «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына 1-ші және 5-ші сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты мерекелік шараның соңы мектеп оқушылары, мектеп үздіктер хоры, ауыл жастарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Түрлі байқаулардың 2016 жылғы нәтижелеріне тоқталатын болсақ:

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткен ІХ Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларына Бекболат Дания қатысып «Арнайы жүлдемен» марапатталды. Жетекшісі: Шешенгелдинова Асем Тұрсынқызы

Алматы қаласы, «Самға жұлдыз» Республикалық балалар мен жасөспірімдер конкурсына 7 – сынып оқушысы Рымхан Ақжарқын қатысып «Эстрада вокал» номинациясының І орын дипломымен, 5 – сынып оқшысы Алмабек Қайыржан ІІІ орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі: БекқалиеваЛәззат Құдайбергенқызы.

Генерал Панфилов бастаған 316 атқыштар дивизиясының Москва түбіндегі танымал ерлігінің 75 жылдығына орай өткен АӘД пәні оқушыларының аудандық әскери – спорттық ойындарында мектеп командасы қатысып, ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: Қалқаман Еркебұлан.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған акциясы аясында өткізілген облыстық шығармашылық байқауында «Жас суретші» номинациясы бойынша 7 – сынып оқушысы Карикулов Қайсар ІІІ орын, «Жас қанат» номинациясы бойынша 8 – сынып оқушысы Тұрсын Дана ІІІ орын, «Жас тілші» номинациясы бойынша 7 – сынып оқушысы Тұрсынғалиева Анель ІІ орынға ие болғаны үшін марапатталды. Жетекшісі: Қасымова Жазира Самалбекқызы.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай» 6 – сынып оқушысы Ердәулетұлы Ерасыл баскетболдан жасөспірімдер арасында Қапшағай қаласында өткен Алматы облысының Чемпионатына қатысып келді.

Аудандық «Абай – Шәкәрім» оқуларына 8 – сынып оқушысы Жұматай Ернұр, 7 – сынып оқушысы Алмабек Балжан қатысып, «Құлақтан кіріп, бойды алар» номинациясы бойынша ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Шешенгелдинова Асем Тұрсынқызы.

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» Республикалық интернет байқауына 8 – сынып оқушысы Жұматай Ернұр, Тұрсын Дана қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

Аудандық «Шаңғы жарысы» бойынша мектеп командасы қатысып, 9 – сынып оқушысы Ерғали Ақерке, 7 – сынып оқушылары Карикулов Қайсар, Алмабек Балжан жүлделі ІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Абишев Ердәулет Сейітбайұлы.

V Республикалық «Аялаған Астана – 2017» телевизиялық музыкалық балалар байқауы, Халықаралық «Новая Волна» конкурсының финалисті 7 – сынып оқушысы Рымхан Ақжарқын. Жетекшісі: Бекқалиева Ләззат Құдайбергенқызы.

Аудандық «Махамбет оқулары» байқауына 9 – сынып оқушысы Баһар Дарын қатысып, І орынды иеленіп, облыстық байқауда ІІ жүлделі орынмен марапатталды. Пән мұғалімі Шүкейтова Оралхан Капбайқызы.

Республикалық«Көктем мерекесі» балалар шығармашылық ән – би байқауына 10 – сынып оқушысы Қадылхан Әсемгүл қатысып, «Көркем сөз» ноамнациясы бойынша І орынмен марапатталды. Жетекшісі Шүкейтова Оралхан Капбайқызы.

Аудандық «Ақбозат» шахмат жарысына мектеп командасы қатысып, 6 – сынып оқушысы Кенжебай Асылжан жүлделі ІІ орынмен марапатталып, облыстық жарысқа жолдама алып қатысып келді. Пән мұғалімі Жақсыбеков Бағдат Төлетайұлы.

Халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған «Би өнері – әлемнің рухани елшісі» атты аудандық би байқауына «Жұлдыз – ай» би тобы қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Үйірме жетекшісі Бекова Эльмира Рахымбекқызы.

Аудандық «Мен Отанға қызмет етуге дайынмын» атты әскери – спорттық жарысқа мектеп командасы қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды. Жетекшісі Қалқаман Еркебұлан.

2017 жыл 25 – 26 сәуір күні өткізілген Х Республикалық Ілияс оқуларына Қадылхан Әсемгүл қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ақсу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік сынып жетекші – 2017» байқауына 8 – сынып жетекшісі Қасымова Жазира Самалбекқызы қатысып, жүлделі І орынмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.

Білім және жаңа иновациялық технологиялар орталығы ұйымдастырған «Жаһандану жағдайында орта мектептердегі сынып жетекшісі жұмысын ұйымдастыру парадигмасы» тақырыбында 72 сағат көлемінде сынып жетекшілер Қыдырбекова Алтын Есенқызы, Дубекова Райхан Қалқаманқызы біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Похожие публикации:

01 май 2017 ҰБТ туралы
29 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив