Әдістемелік жұмыс » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2017

Әдістемелік жұмыс


 

                                                                          Әдістемелік жұмыс


Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

 Оқу - тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.

Әдістемелік жұмыстың міндеті:

Ø  Мектептегі әдістемелік қызметті жүргіу, ПБ жұмыстарын ұйымдастыру, көмек көрсету.

Ø  Мұғалімдердің үздіксіз білімін жетілдіруге әдістемелік көмек көрсету;

Ø Оқу және оқу - әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастыру;

Ø Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру,шығармашылық іскерлігін жетілдіру;

Ø Мұғалімдердің  іс - тәжірибесін насихаттау мен тарату;

Ø  Семинарлар, әдістемелік  күн,  онкүндіктер мен конференцияларды   ұйымдастыру;

Осы аталған мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп 5 пән бірлестігі құрылған. Оқушылармен жұмыс («Дарын» ғылыми жоба жарысы, «КҒА»  ғылыми практикалық конференциясы, «Ілияс оқулары», «Абай», Мұқағали, Махамбет , Пушкин оқулары, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы, интеллектуалдық ойындар) және педагог мамандармен жұмыс( кәсіби байқаулар, конференциялар, педагогикалық оқулар, семинарлар, курстар,олимпиадалар, дөңгелек үстел) жүргізіледі. 

Оқушылар аудандық «КҒА» ғылыми практикалық конференциясы, «Дарын» ғылыми – жоба жарысына, жалпы білім беретін пән олимпиадасына  мектеп оқушылары қатыстырылады. КҒА ғылыми практикалық конференцияға 8 – сынып оқушысы Қуаныш Ақбота қазақ әдебиеті секциясы бойынша (Жетекшісі: А.Т.Шешенгелдинова), қоршаған орта секциясы бойынша 9 – сынып оқушысы Тұрсынғалиева Альмира (жетекшісі: А.Т.Абдрахманова) қатысты. 1 – қараша 2016 жылы Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп базасында өткен аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысына мектеп оқушылары қатысты. 9 – сынып оқушысы Тлеубай Бақыт информатика секциясы бойынша І орын (жекетшісі: Оспанбек Қуаныш Жұмабекұлы), биология секциясы бойынша 11 – сынып оқушысы Бекболатқызы Дания  І орын (жетекшісі: АлгожаеваДария Исмайлқызы), «Қоршаған орта» секциясы бойынша Қуантаев Арсен ІІ орын (жетекшісі:Жанабилова Қызжибек Есімбековна), «Математика» секциясы бойынша Есбол Сая ІІІ орын ( Жетекшісі: МураталинаНазгул Тельмановна), «Физика» секциясы бойынша 8 – сынып оқушысы Әмірбек Мади (Жетекшісі: Шатырбаева Гулжан Сейлхановна) және «Математика» секциясы бойынша 11 – сынып оқушысы Жекен Нұржанат (Жетекшісі: Абдрахманова Айгул Толеухановна) «Алғыс хатпен» марапатталып, «Дарын» ғылыми жоба жарысының Облыстық кезеңіне 9 – сынып оқушысы Тлеубай Бақыт информатика секциясы бойынша, биология секциясы бойынша 11 – сынып оқушысы Бекболатқызы Дания қатыстырылып ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі: Д.И.Алғожаева,аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 9 – сынып оқушысы Кәріқұл Айдана қатасып, облыстан І дәрежелі димломмен және медальмен марапатталды. Пән мұғалімі: Б.М.Хасенова сынды мұғалімдер мен оқушыларды мақтанышпен айта аламыз.

Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» республикалық интернет байқауында мектеп оқушылары Тұрсын Дана, Жұматай Ернұр  ІІ дәрежелі дипломмен, Мұратбек Жадыра сертификатпен марапатталды. Пән мұғалімі: Шешенгелдинова Асем Турсыновна. 

Мектеп мұғалімдері мектепішілік, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, аудандық «Жас маман – 2016», «Үздік активстудио»  байқауы информатика пәнінің мұғалімі Оспанбек Қуаныш Жұмабекұлы ІІ орын, «Үздік тарихшы»байқауында  тарих пәнінің мұғалімі Б.М.Хасенова ІІ орын,  «Үздік педагог - 2017» байқауы ІІ орын,«Үздік сынып жетекшісі - 2016» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Т.Шешенгелдинова ІІ орын, «Үздік флипчарт сабағы» химия пәнінің мұғалімі Жеңіс Ұлжаныс ІІ орын,  аудандық «»«Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі  пәндерінен функционалдық сауаттылығын  пәнаралық байланыс арқылы дамыту» тақырыбында аудан педагогтары арасында өткен конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім А.Т.Шешенгелдинова қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Шағын орталық тәрбиешісі М.Н.Шаюсупова  «Ең үздік әзірленген флипчарт сабақтары»атты мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері аралығында өткен  байқауда І орынды иеленді.  . Сонымен қатар аудандық «Жыл мұғалімі - 2016» байқауында тарих пәнінің мұғалімі Б.М.Хасенова, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік педагог»-2016, «Деңгейлік бағдарлама педагогикалық ізденіспен озық тәжірибе» байқауында бастауыш сынып мұғалімі А.Х.Байбарақ, «АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы» байқауына Қалқаман Еркебұлан, сырттай «Үздік мектеп кітапханашысы – 2016» байқауына Қ.Е.Жанабилова қатысып «Алғыс  хатпен» марапатталды. 

Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай ҚРБҒМ «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне тарих пәнінің мұғалімі Б.М.Хасенова қатысып, арнайы «Сертификатпен» марапатталды. 

2016 жылдың мамыр айының 12 - күні Талдықорған қаласында  өткізілген «Ең үздік Activstudio презентациясы» облыстық байқауында физика пәнінің мұғалімі Г.С.Шатырбаева қатысып, ІІ орынды иеленді. 

Мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесінде физика пәнінің мұғалімі Г.С.Шатырбаева «Зерделі мұғалім» номинациясымен марапатталды. 

Облыстық   «Үздік психолог» байқауына мектеп психологы Чинибекова Айман Шарипбаевна қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалымен Жиенгельдинова Айсұлу Тлеубековна иеленді. 

«Қос аққу» Әлия – Мәншүк атындағы спорттық -  патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің шешімімен «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жақсыбекова Бағдат Төлетайұлы марапатталды. 

Сонымен қатар аудан көлемінде «Шағын орталықтарда тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін және жоспарлау жолдарын ұсыну,  үйренуге жағдай жасау, шағын орталық тәрбиешілерінің оқыту мен тәрбие  беруде жаңашыл әдістер мен формалары» тақырыбында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге асыру, оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген патриоттық санасын қалыптастыра отырып, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушылары арасында «Қазіргі таңдағы әскери – патриоттық тәрбие беру жұмыстарының маңыздылығы», ауданының педагог – ұйымдастырушылары арасында «Ел ертеңі – білімді жастар» тақырыбында, физика пәнінің мұғалімдерімен  «Физика пәнінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушы қызығушылығын арттыру жолдары»  тақырыбында аудандық семинар өз деңгейінде өткізілді.

Ақсу ауданы білім беру қызметкерлерінің білім беру үрдісіндегі барлық бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін білім сапасының 2015 – 2016 оқу жылының орта мектептер мониторинг қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив