Аудандық Ілияс оқулары өтті. » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

Аудандық Ілияс оқулары өтті.

Сәуір айының 11 күні аптаның алғашқы күнін даңықты жерлесіміз, жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың туған ауылындағы киелі қара шаңырақ «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында аудандық Ілияс оқуы болып өтті. 7-11 сынып оқушылары арасында өткен оқуына биылғы жылы жалпы 55 оқушы үш аталым бойынша қатысты.   Ақсу аудандық білім бөлімінің әдіскері Салиева Динара Бақтыбайқызының құттықтау сөзімен басталған байқау жаңа өзгерген ережеге сай үш кезеңге үш оқушы қатысып, әр кезең бойынша бір үміткер қатысты. Байқау мынадай кезеңдерде өткізілді 1-кезең. «Ілияс-эпик ақын» бағытында ақын  Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту (қатысушылар жатқа оқитын поэмаларының тізімін қазылар алқасына  алдын -ала   тапсыруы керек, ұсынған тізімнен   1 поэманы толық жатқа айту). 2-кезең.  «Сұлу сөздің сүлейі»  бағытында   қатысушы  Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерінің ішінен(ұсынылған тізімінен қазылар алқасының сұрауымен )бір өлеңін жатқа  немесе прозалық, драмалық шығармаларын  мәнерлеп оқиды және  үзінді орындау. 3-кезең. «Ағынды менің Ақсуым!» бағытында қатысушылар ақынға арнап жазған өздерінің шығармалар жинағын (кітапша)    алдын- ала  қазылар алқасына  тапсыруы және қазылар алқасының ұсынысымен 1-2 өлеңін жатқа  мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады. «Ағынды менің –Ақсуым» ақынға арнау кезеңінде Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қимыран Жарқын өзінің ақындық қабілетін көрсетіп, топтан алға шықса, «Ілияс – эпик ақын» кезеңінде Жаңатілеу орта мектебінің 7 сынып оқушысы Советбек Адай Мақсатұлы оза шапты. «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің 8  сынып оқушысы Әмірбек Гаухар үздік шығып облыстық кезеңге жолдама алды. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив