«Менің сабағым менің шығармашылығым»
«Менің сабағым менің шығармашылығым»
«Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепішілік бақылау мен басқару жоспарына сай сәуір айының алтысы күні жас мамандар, бастауыш сынып мұғалімдері Нұртас Гүлім және Жақыпбекова Айгерім Ербосынқызы «Ықшам сабақ» көрсетіп, өз қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау барысында оқушының жағдайына сай тапсырмалар бере отырып, сабақ мақсатына жету барысы туралы таныстырылым жасады.
Жұмыстарын таныстырып болған соң әрістестерінің ұсыныс-пікірлері негізінде өзгертуге тиісті жерлері мен толықтырудыт қажет ететін тұстары ескерілетіндігі туралы нақытап, сұрақ-жауап алысу барысында жұмыстың олқы тұстары туралы ақпараттармен әдістемелік қоржындарын толықтырды.