Жас мамандарға әдістемелік көмек
Жас мамандарға әдістемелік көмек
Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданған жас мамандарға ақылы және ақысыз негізде тәлімгерлер бекітілді.
1. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рафикова Жадыра Нурмухамедовна – тәлімгері А.Т.Шешенгелдинова- педагог- зерттеуші
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Аязбекова Шолпан Мамырбековна– тәлімгері Б.М.Хасенова педагог –зерттеуші.
3. Нұртас Гүлім бастауыш сынып пәнінің мұғалімі – тәлімгері А.Е.Қыдырбекова
4. Ахметқали Айнара Әбілқасымқызы химия пәнінің мұғалімі – тәлімгері Абдрахманова А.Т.
5. Кабидолдаева А.Ж бастауыш сынып мұғалімі – тәлімгері Ш.Б.Нұршабаева
6. Қалқаманова Арайлым орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тәлімгері Омарбекова Г.Ғ.
7. Кусмолдин Ф.С. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – тәлімгері Абишев Е.С.
Мектепішілік бақылау мен басқару жоспарына сәйкес жас мамандарға бағыт-бағдар, әдістемелік көмек беру мақсатында әр сәрсенбі күні әдістемелік отырыс ұйымдастырылып, мектеп тренері Хасенова Б.М. «Сабақта саралау тәсілдерін тиімді қолданып, бағалау» тақырыбында практикум жүргізіп, жас мамандарға күнделікті сабақ барысында саралау тапсырмаларын құрастыру жолдарын көрсетіп, көмектеп берілді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысхан Тынысбек «ҚМЖ құрудың тимділігі мен артықшылығы» тақырыбында әдістемелік күн өткізіп, бөлінген топтар арасында оқу бағдарламалары бойынша оқу мақсаттарын шығарып, соған сай тапсырмалар құрастыру жұмыстары бойынша жас мамандармен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрыққа сай қысқа мерзімді жоспар құру туралы әдістемелік көмек жасалды. 3-деңгей бітірген география пәнінің мұғалімі Заманбекова А. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Омарбекова Г.Ғ. «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастырудағы ерекшеліктері» тақырыбында таныстырылым жасалып, бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізу барысында мән беретін құжаттар мен мәселелер төңірегінде таныстырылым жасалды.
Бақылау мен басқару жоспарына сай жас мамандарға назариялық тұрғыда көмек көрсетіле отырып, практикалық тұрғыда сабақтарына қатысу жоспарланып жүргізілді. Сабаққа қатысу барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспары, қысқа мерзімді жоспары бақыланды.
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг). Сабаққа қатысу барысында:
сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне;
формативті бағалаудың өткізілуіне;
педагогтің кері байланыс жасауына;
білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына;
әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге;
сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;
оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологиялардың қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылды.


