«Шағын жинақты мектептерде орыс тілін оқытудағы инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты аудандық семинар
Ақсу адандық білім бөлімінің білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22-қазан күні Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінде «Шағын жинақты мектептерде орыс тілін оқытудағы инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты:
1.Орыс тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып білім сапасын арттыруға ықпал ету
2.Шағын жинақталған мектептерде шығармашылық жұмыстарды жандандыру
3.Өзара тәжірибемен бөлісу
Іс-шара мектеп психологы Айман Шәріпбайқызы ұйымдастырған психологиялық тренингтен басталды. Семинар барысында І.Жансүгіров атындағы орта мектеп мұғалімі Ж.С. Касымова 9 сыныпта, 4- сыныпта М.Маметова атындағы орта мектебі мұғалімі Бейсебекова Б.Е., 7- сыныпта Қарашілік орта мектебі мұғалімі Тлеукенова Г.М.,
6-сыныпта Тарас негізгі орта мектебі мұғалімі Ермұратқызы Қуаныш сабақтар өткізу барысында инновациялық технологияларды шебер пайдаланып, оқу мақсаттарына сай әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға нәтижеге жетуге жағдай жасай білді. «Тәжірибелік алаң»бөлімінде Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі мұғалімі Оразкулова Индира Несипбаевна «Орыс тіліне үйретуде ойын әдістерін қолдану» тақырыбында, Абай атындағы орта мектебі мұғалімі Артыбекова Нургуль Халмуханбетовна «Саралау әдіс-тәсілдері» атты коучинг, І.Жансүгіров атындағы орта мектеп мұғалімі Ж.С. Касымова «Оқудағы кедергілерді анықтау. Кедергілерді жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл іс- шаралар барысында мұғалімдер жағымды орта қалыптастыра отырып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар жұмысын қортындылай келе, Ақсу адандық білім бөлімінің білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Пазылжанова Эльвира Пазылжанқызы бұл семинардың шағын жинақталған мектептерде шығармашылық жұмыстардың жандануына ықпалы зор екеніне сенім білдірді. Ұстаздар аталған іс-шараның ұтымды тұстарына баға беріп, алдағы мақсат-міндеттерді анықтай отырып өз ұсыныстарын білдірді.








