Оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2022

Оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету

Оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету

 «І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке  дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2021-2022 оқу жылы барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы жүзеге асыру және  оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Қыркүйек айында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын  ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып, қосымша тізімдік құрамы бекітілді. Тізімде жекелеген санатты білім алушылар, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек   алуға құқығы бар отбасы балалары,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жартылай жетім, толық емес отбасы, көп балалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары. 

Қазіргі таңда  мемлекет есебінен 33 тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оның 8 оқушы аз қамтылған, 20 көп балалы отбасы, 3 толық емес отбасы, 2 жартылай жетім отбасы балалары. І кезеңде 21 оқушы тамақтанады. ІІ кезеңде 12 оқушы. 

2021- 2022 оқу жылы Пандемияға байланысты санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтау Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

2021 жылғы «25» тамыздағы № 36  қаулысының 2-қосымшасында бекітілген мектеп асханалары  қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда. 

Ыстық тамақты ұйымдастыруға  жауап беретін әлеуметтік педагог Б.Алмабекқызына  жүктелінді. Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтауға  асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер және аспазшы Ж.Д.Адильбековаға міндеттелді. Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп оны тексеретін   мектеп медбикесі А.Шошанбасованың   қадағалауында.








Похожие публикации:

02 сентябрь 2019 Білім күні
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив