Мың бала » "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7283) 22-71-20
Мектеп директоры:
+7(771) 491-44-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2021

Мың бала

Қазақстанның жарқын болашағы-білімді жастардың қолында.

2020 жылдың ақпан айынан бастап тамыз айының соңына дейін Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында Білім және ғылым минстрлігінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп өткізген олимпиадасында ауылдағы талантты оқушыларды анықтаған еді. Ұлттық зияткерлік олимпиадасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау болса, негізгі міндеттері- ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау мақсатында іс-шараларды әзірлеу, ұсыну және іске асырумен қоса, анықталған дарынды оқушылардың әлеуетін одан әрі дамытуға байланысты жүйелі түрде қолдау көрсету болып табылды. «Мың бала» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада 5 және 6 сыныптың 295 мың оқушысын қамтыған. Ақсу ауданынан 1533 оқушы қатысуға ниет білдіріп бақтарын сынаған болатын. Қуантатын жағдай осы Республикалық олимпиадасында ауданымыздың 8 оқушысы жеңімпаз атанды. Осы 8 оқушының ішінде І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің оқушысы Тұрақ Нұрила да бар.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаз оқушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы құттықтап, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының бағалы сыйлықтарын ноутбуктарды тапсырды.

Айта кететіні, олимпиада қорытындысы бойынша, Республикадан 5 және 6 сыныптарын бітірген 1000 жеңімпаз оқушылар өз білімдерін «Білім-инновация лицейі», Республикалық физика-математика мектебі және «Дарын» сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай білімдерін жалғастырады.



Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив